«Енді мен - Айшамын»: Қостанайлық бойжеткен Ұлбосын есімін ауыстырды

Қазан 29, 2025 - 11:36
«Енді мен - Айшамын»: Қостанайлық бойжеткен Ұлбосын есімін ауыстырды
Фото: instagram/aisha.rakym/

Қостанай облысының Ұлболсын есімді тұрғыны атын Айшаға ауыстырып, қуанышты сәтімен Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Видеода бойжеткеннің ХҚКО-да жаңа құжатын алып жатқан сәті көрсетілген. Енді оның аты-жөні - Айша Рахымжанқызы.

«Енді мен - Айша Рахымжанқызымын», - деп жазды ол бейнероликтің астына.

Видео 1,6 миллион қаралым жинап, желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.  Оқырмандар бойжеткеннің шешімін қолдап пікір қалдырған. 
«Бір қуантатыны - біздің ұрпақ қыздарын бұлай атамайтын болады», «Дұрыс. Мұндай есімі бар қыз балаларға қиын», «Ырым жағынан есімді дәл тауыпсыз: Ұлболсын (ұл бала дүниеге келсін) есімі Айша (өмір) есіміне ауысты. Құттықтаймын, өміріңіз өзіңіздікі болсын!».

Ал кейбір жазылушылар өздерінің де осындай есімдерді ауыстырғанын айтты:
«Менің де атым бұрын Ұлболсын еді, қазір - Аяламын», деп жазып жатыр олар.

Қазақ халқында отбасында ұл баланың дүниеге келуін күткен кезде қыздарға соған байланысты есім беру дәстүрі бар. Әдетте, мұндай есімдер төртінші немесе бесінші қыз дүниеге келгенде қойылады, ұл туса деген ниетпен. Мұндай есімдер қатарына — Ұлболсын, Ұлжан, Ұлпан, Ұлбала, Ұлмекен және басқа да аттар жатады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow