«Еркектердің жезөкшеге баруына деп қор ашып, ақша жинайық»: спортшы арсыз еркектерге үндеу жасады

Тамыз 7, 2025 - 16:44
«Еркектердің жезөкшеге баруына деп қор ашып, ақша жинайық»: спортшы арсыз еркектерге үндеу жасады

ММА жаттықтырушысы BAILIN есімді азамат, еркектердің арсыз тірліктеріне қатысты пікір білдірді, деп жазады Sadaq.kz.

«Таксиде өз-өзін қандырған еркектер, жас қыздарға мүшесін көрсеткен еркектер… Не болды сендерге? Мына арсыз тірліктеріңе қыздар ренжісе, шағымданса, «өздері ашық, қысқа киім киеді», деп сандырақтайсыңдар. 

Жабық киіммен мешітке барған қызды да қорлап, төсектес болуға ұсыныс жасадыңдар ғой?!»,-деп күйінді ол.

Спортшы мұндай еркектерге бар проблема жыныстық қатынаста болса, жезөкшелерге барыңдар деген ұсыныс айтты.

«Ақшасын төлесеңдер, жезөкшелік қызметтің неше түрін аласыңдар ғой. Жыныстық қатынас үшін мынадай арсыз тірлікке бармай, жезөкшеге барыңдар. Жезөкшеге беретін ақшаларың болмаса, онда арнайы қор ашайық. «Еркектердің жезөкшеге баруы үшін» деп ақша жинап берейік. Кінәсіз әйелдерді нәпсісін тізгіндей алмайтын еркектерден осылай құтқарамыз ба, не істейміз? Қалай ойлайсыздар?»,- деді спортшы. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow