«Естінің ісі емес!»: Депутат Бапи қазақ тілін талап етуді неге «есерлікке» теңеді?
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің Конституция жобасына қатысты талқылауда айтқан сөзі қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Депутат мемлекеттік тілді талап етудің кейбір формаларын «есерлік» пен «имансыз идеяға» балап, өткір сынға алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бапидің пайымдауынша, саны 70 пайыздан асқан қазақ халқы өз тілін өзгеге өктемдікпен емес, парасатпен өткізуі тиіс. Ол тіл мәселесін саяси ойынға айналдырмау керектігін ескертті:
«Өзінің тілін өктемдікпен тықпалаған имансыз идеялар пайда болған заманда, есермен егесу — естінің ісі болмайды», — деді ол өз сөзінде.
Депутат тіл мәселесін тікелей ұлттық қауіпсіздікпен байланыстырды. Ол Президент Тоқаевтың айтқан мәлімдемесін негізге ала отырып, қазіргідей күрделі халықаралық жағдайда арандатушылыққа жол бермеу керектігін айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0