Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс сотқа жолданды
Былтыр күзде елордадағы тұрғын үйде кірпіш қаптамасының құлауы салдарынан мерт болған Ұлдана Мырзуанға қатысты істі сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы Астана қаласының Полиция департаменті мәлім етті.
— Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды, - делінген Полиция департаментінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Сонымен қатар Астана сотының баспасөз қызметі сот отырысының өтетін күні әлі белгіленбегенін хабарлады.
Естеріңізге сала кетсек, 8 қарашада елордада тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптамасы мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлап, салдарынан 5 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің бәрі № 1 көпсалалы ауруханаға жеткізілді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0