Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Тамыз 7, 2026 - 12:20
app_badging Тамыз 7, 2026 - 12:39
chat_bubble  0 visibility  2
Футболдан Қазақстан  ұлттық құрамасына  жаңа бас бапкер тағайындалды
Фото: ҚФФ
Қазақстан футбол федерациясы Джон ван ’т Шкиппен ұлттық құраманың бас бапкері ретінде жұмыс істеу туралы келісімге келді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
 
Маманның тағайындалуы федерация жарғысына сәйкес ҚФФ Атқарушы комитетімен келісілгеннен кейін ресми түрде рәсімделеді.
 
Футболшы ретінде Джон ван’т Шкип Амстердамның «Аякс» және Италияның «Дженоа» клубтарында өнер көрсетіп, Нидерланд құрамасында ойнады. Ұлттық құрамамен бірге 1988 жылғы Еуропа чемпионы атанды.
 
Бапкерлік жолын «Аякстың» жүйесінде бастап, бас бапкері қызметін атқарды. Сондай-ақ «Твенте», «Зволле», Мексиканың «Гвадалахара» және Аустралияның «Мельбурн Сити» командаларының тізгінін ұстады. 2016 жылы «Мельбурн Сити» клубымен бірге Аустралия кубогын жеңіп алды.
 
Халықаралық деңгейде Джон ван’т Шкип Грекия және Армения ұлттық құрамаларының бас бапкері қызметін атқарды.
 
Футболдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы да құрылды. Бас бапкердің көмекшісі Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов болса, қақпашылар бапкері Юрий Новиков, дене даярлығы бапкері Вадим Боровский және сарапшы бапкер Тимур Құсайынов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0