Германияда ұрылар банктен 90млн еуро ұрлап кеткен

Желтоқсан 31, 2025 - 12:52
 0  2
Германияда ұрылар банктен 90млн еуро ұрлап кеткен
Фото: Euronews

Германияның Гельзенкирхен қаласында белгісіз адамдар мерекелік тыныштықты пайдаланып, Sparkasse банкінің қоймасын тонады, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Ұрылар қабырғаны бұрғылап, арнайы тесік жасап ішке кірген. Тергеу мәліметінше, келтірілген шығын 10-90 миллион еуро аралығында болуы мүмкін.

Депозиттік жәшіктерден шамамен 2700 клиенттің бағалы заттары ұрланған. Дүйсенбі күні таңғы сағат 4 шамасында өрт дабылы іске қосылып, оқиға орнына келген жедел қызметтер қабырғаның тесілгенін және қойманың түгелдей бос қалғанын анықтаған. 

Куәгерлер демалыс күндері банк бөлімшесінің маңындағы автотұрақта үлкен сөмкелері бар бірнеше ер адамды көргенін айтқан. Гараждағы бейнекамералар таңғы ерте уақытта маска киген адамдардың ұрланған автокөлікпен кетіп бара жатқанын тіркеген. dpa агенттігінің хабарлауынша, бұл тонау ел тарихындағы ең ірі қылмыстардың біріне айналуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0