Грузияда түрік әскери ұшағы апатқа ұшырады: 18 әскери қызметшінің денесі табылды

Қараша 13, 2025 - 09:17
chat_bubble  0 visibility  16
Грузияда түрік әскери ұшағы апатқа ұшырады: 18 әскери қызметшінің денесі табылды
Фото: Getty Images

Грузияда апатқа ұшыраған түрік әскери ұшағының бортында болған 18 әскери қызметшінің денесі табылды. Бұл туралы Грузияның ішкі істер министрі Гела Геладзе мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ. NUR.KZ.

Геладзенің айтуынша, құтқару-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ұшақ бортында болған 20 адамның 18-нің денесі табылған.

"Екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Түркияның ішкі істер министрімен үнемі байланыстамын", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қарашада Әзербайжаннан ұшып шыққан Түркияның C-130 әскери ұшағы Грузия аумағында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 20 әскери қызметші болған.

Грузия ІІМ-нің өкілдері әскери ұшақтың Сигнаги муниципалитеті аумағында құлағанын хабарлады. Ол Грузия шекарасынан 5 шақырым жерде орналасқан.

Ұшақ апатына байланысты Грузияның құзырлы органдары адам өліміне әкеп соққан әуе көлігі немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0