«Имамдарды да тексеру керек»: Блогер дін қызметкерлерінің табысын қадағалауды ұсынды (ВИДЕО)

Ақпан 19, 2025 - 17:13
«Имамдарды да тексеру керек»: Блогер дін қызметкерлерінің табысын қадағалауды ұсынды (ВИДЕО)
Фото: caravan.kz

Әлеуметтік желі белсендісі Алексей Лодочников блогерлермен бірге дін қызметкерлерінің де табысын тексеруге ұсыныс жасады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Блогер Instagram желісінде видео жариялап, мемлекеттік кірістер комитеті жүргізіп жатқан тексерісті қолдайтынын мәлімдеді.

«Кешеден бері көріп жатырмыз. Еліміздегі блогерлерді салық комитеті тексеріп жатыр. Кім қанша салық төлемегенін, қанша қарызы барын біліп жатырмыз. Тізім шықты, миллиардтаған қарыздар бар екен. Менің ойымша, дұрыс болды. Себебі, блогерлердің шалқып жүргеніне қанша уақыт болды. Барлығы конкурстан басталды. Сосын гив, марафон, лоторея кетті. Тіпті олардың арасында букмекерлік ұйымдарды жарнамалайтындар да бар. Мен өзім блогер болғаннан кейін оның қандай табыс әкелетінін білемін. Менің осы сөзімнен кейін сен де блогерсің ғой, неге бұлай сөйлеп отырсың дейтіндер табылады. Мен өз басым тазамын. Керек болса, қызық болса, барып тексерсін. Ондаған көлік пен пәтерім жоқ. Оны оқырмандарым, таныстарым, достарым біледі. Тізімде бар блогерлер мемлекеттік кірістер комитеті дұрыс есеп жүргізбеген деген сыңайдағы видеолар жариялай бастады. Қайта тексеріңдер деп жатыр. Сол видеоларды көріп, одан да халықтың мұңын осылай жеткізсе ғой деп ойладым. Шыныменде дұрыс емес болса дәлелдеуге болады ғой. Салықты бәріміз уақытылы төлеуіміз керек», — дейді ол.

Сондай-ақ, ол имамдар мен шіркеудегі дін қызметкерлерінің де «көрсетпей» жүрген табысын тексеруді ұсынды. 

«Қазір маған хейт болатынын білсем де, көп адамның ойында жүрген бір дүние айтамын. Блогерлермен бірге қазір имамдар мен шіркеудегі свещенниктердің де табысын тексеру керек. Бәрін емес. Бірақ, тұсаукесер, той болсын, жалпы көп жиындарға имамдар қатысады. Олар Алла разылығы үшін деп тегін келмейді. Мүмкін, ондайлар да бар шығар. Дегенмен, олар аз. Қазір Алланың атын жамылып, ақша тауып жатқандар көп. Соларды тексеру керек», — дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алексей Лодочников (@lodochnikov_official_page)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow