Иманбек «Құрмет» орденінің иегері атанды
"Грэмми" жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновке "Құрмет ордені" табысталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады, деп жазады sadaq.kz.
Мемлекет басшысының жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталған еді. Аида Балаеваның айтуынша, олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмаған.
"Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды. "Құрмет" орденімен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және "Грэмми" жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов марапатталды", - деп жазды Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0