Иран Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи жер қойнына тапсырылды
Иранның бұрынғы Жоғарғы Көшбасшысы Әли Хаменеидің жерлеу рәсімі оның туған қаласы Мешхедте аяқталды, деп хабарлайды Press TV арнасы.
"Марқұм Жоғарғы Көшбасшы бір апталық аза тұту рәсімдерінен кейін Имам Реза кесенесіне жерленді", - делінген хабарламада. Қоштасу рәсіміне жүздеген мың адам қатысты.
Әли Хаменеи 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің әуе соққылары салдарынан қаза тапқан болатын.
Алайда наурыз айы бойы жалғасқан шабуылдарға байланысты жерлеу рәсімін өткізу мүмкін болмады. Осыған байланысты Иран билігі инфрақұрылымды дайындау қажеттігін алға тартып, қаралы жиынды кейінге қалдыруға шешім қабылдаған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0