«Ирандағы антисемит қазақтарды көшіріп әкелгеннен береке таппаймыз» - журналист

Иран қазақтары 45 жылға созылған шиғалық молдалар режиміне үйреніп алған.

Маусым 23, 2025 - 15:26
Маусым 23, 2025 - 15:36
«Ирандағы антисемит қазақтарды көшіріп әкелгеннен береке таппаймыз» - журналист
Ирандық 6 мың қазақ бізге керек пе?
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Иранда 6 мың этникалық қазақ тұрады. Өз қазағымызды көшіріп алудың амалын жедел ойластыру керек» депті. Менің ойымша, «қайран қазағым-ай» деп шала бүлінудің қажеті жоқ.
Біріншіден, Иран қазақтары 45 жылға созылған шиғалық молдалар режиміне үйреніп алған. Аятоллалардың «Израиль мемлекетін жою керек» деген мемлекеттік мақсатты идеологиясы Иран қазақтарының да «етінен өтіп, сүйегіне сіңіп кеткен». Соншама антисемитті Ираннан Қазақстанға көшіріп береке таппаймыз. Онсыз да біздегі сопылар мен ханафиттер, сәләфиттер мен ватниктер Израиль десең, аузынан жынын шашып агрессив отыр ғой. Солардың еселеп санын көбейткеннен не ұтамыз?!.
Екіншіден, Израиль Иран халқына қарсы соғыс ашқан жоқ. Еврей мемлекеті өзіне қауіп төндіріп отырған, ядролық қаруға қолы жетсе Израилді бомбалауға дайын тұрған Аятолла режимін құртпақшы. Оларды құртпай Израильге бұ дүниеде тыныштық жоқ. Молдалар да Иран билігінен айырылмауға бейіл. Сондықтан Израиль бұл соғысты Аятолла режімін түбегейлі жойғанша жүргізуге мүдделі.
«Иранда біздің 600 маманымыз жұмыс істеп жатыр, ол жерді атқыламаңдар» деп Израиль басшысына өтініш айтқан Путиннің құйтырқы әрекетін қайталағандай біздің билік те «6 мың этникалық қазақты Ираннан көшіруге дәліз беріңдер» деп Израиль әскерін алаңдатқысы келе ме?!. Ирандағы молдалар режимі құласын, бұл Қазақстанға да жақсы. Содан кейін 6 мың қазақ Қазақстанға оралар-оралмас, оны солардың өзінен сұрайық та... Иран қазақтары орап алып қолтықққа қысып әкететін парсы кілемі емес қой. Осыны неге депутат түсінбейді?!.
Эх, бірі кем қу дүние-ай
Журналист Ораз Әлімбектің facebook парақшасынан
 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow