Иранның Жоғарғы көсемі ес-түссіз хәлде жатыр – БАҚ
Иранның Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи ес-түссіз, жағдайы ауыр халде жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы The Times басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Халықаралық басылымдар саясаткердің соғыстың алғашқы күндерінде жараланғанын жазған. Иранның Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи ес-түссіз, жағдайы ауыр халде жатыр. Басылымның мәліметінше, ол Құм қаласында ем қабылдап жатыр және қазір шешім қабылдау процесіне қатыса алмайды. Құм – Ирандағы басты діни орталықтардың бірі. Ол Тегеран қаласынан шамамен 140–150 шақырым оңтүстікте орналасқан.
Сондай-ақ The Times бұл оның болжамды орналасқан жері алғаш рет ашық ақпарат кеңістігінде аталған жағдай екенін жазады. Reuters агенттігі 11 наурызда ирандық шенеунікке сілтеме жасап, Моджтаба Хаменеи соғыстың алғашқы күндері әуе соққылары кезінде жараланғанын хабарлаған. Сол шабуылда оның әкесі Али Хаменеи, анасы, жұбайы және ұлы қаза тапқан. Соған қарамастан, ол өз қызметін жалғастырған.
Ал Associated Press 12 наурызда Хаменеи тағайындалғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасағанын жазды. Алайда ол бейнежазбада көрінбеген, мәтінді мемлекеттік телеарнаның жүргізушісі оқып берген. Агенттік сол кезде оның жағдайы мен нақты қайда екені айтылмағанын атап өткен.
Кейін, 31 наурызда Reuters Ресейдің Ирандағы елшісіне сілтеме жасап, Хаменеи ел аумағында екенін, бірақ "түсінікті себептерге байланысты" көпшілік алдына шықпай отырғанын хабарлады. Ал Иран тарапы соңғы күндері оның тірі екенін және денсаулығы жақсы екенін мәлімдеумен болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0