«Ішкен немесе шегіп алған»: Төреғали Төреәлі сынға ұшырады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде танымал әнші Төреғали Төреәліге қатысты тағы бір шулы видео тарады. Онда әншінің Алакөлде жүргенін байқауға болады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Видеода әнші сахна үстінде тұрып, тыңдарманына ішімдік ішуді қойғанын айтты.
«Сыра әкеп беремін бе, дейсің бе? Жоқ и, қойғанмын, қойдым ғой. Кеше тоқтаттым деген жоқпын ба! Ұят қой. Тағы да Алакөлге келіп, ішіп алыпты деп жүрсе. Анда-санда демалу керек. Бірақ жұмыс та істеу керек», – дейді Төреғали Төреәлі.
Алайда, әншінің бұл сөзі желі қолданушылары тарапынан тағы да сынға ұшырады.
«Қазір де кішкене ұрттап алған сияқты ғой», «Не киіп алған? Сахна мәдениеті қайда», «Семіздікті қой ғана көтереді деген», «Осы тұрғанда ішкен немесе шегіп алған», «Сахнада тұрып қуып тұр ғой, есік алдында отырғандай», «Бұл да бір жүрген біреу. Соңғы кездері қуып кетті, киімінің түрі анау», «Осыны неге шақырады?! Не айтып тұр өзі?» – деп жазды желі қолданушылары.
Сіздің реакцияңыз қандай?






