«Ислам дінінде иман, намаз, зекет, ораза, қажылықтан бөлек, кек алу, джихад секілді тағы екі парыз бар» - қоғам белсендісі

Қазан 30, 2025 - 10:52
«Ислам дінінде иман, намаз, зекет, ораза, қажылықтан бөлек, кек алу, джихад секілді тағы екі парыз бар» - қоғам белсендісі

Қоғам белсендісі Төртуыл Шоқан өзiнiң facebook пaрaқшaсындa тағы бір шулы жазба жариялады, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, ислам дінінде бес емес, жеті парыз бар. Бірақ оны діндарлар айтпайды.

Яғни өзін мұсылман санайтын әр адамға парыз етілген иман, намаз, зекет, ораза, қажылық секілді бес міндеттен бөлек, кек алу, джихад секілді парыздар бар.

«Осылар дегеніне жетіп-бір жерді жарғанда бірің байыңның, бірің қатыныңның, бірің балаңның өлігін құшақтап отырып – "о, Аллам-ау не жаздым саған.. " деп, зарлар едіңдер, дұрыс па?
 Имам-молдалар уағыздарында 5 "зиянсыз" парызды (иман, намаз, зекет, ораза, қажылық ) айтады да, қалған 2 парызды (кек алу, джихад) айтпайды.
 Соңғы екі парыз билікті басып алуға дайын болған кезде, бес парызбен әбден суарылған жамағатты көтеру үшін, ұран ретінде тастай салады, болды.
 Сосын не болатынын айтсам шаштарыңның тікірейгені былай тұрсын, өн бойындағы қылшық атаулы тітіркенер еді», - дeп жaзғaн өзiнiң facebook пaрaқшaсындa.

Төртуыл Шоқан бұл жазбасын осыдан бірер күн бұрын Алматыда шетелдік азаматтар лаңкестік ұйымдастырмақ болды деген ақпаратқа қатысты жазған.

Естеріңізде болса, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 2025 жылдың қыркүйегінде 5 шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актісінің алдын алғанын хабарлаған еді. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. 

<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fnurjansemsk%2Fposts%2Fpfbid02uK5LdfwwbXUedy1571REVGHwdZHugJJ1EpqYgUCyaZYvRGvfw41AVyNsa7Jeytuul&show_text=true&width=500" width="500" height="250" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share"></iframe>

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow