Иттердің шабуылынан зардап шеккен Максимнің отбасы баспаналы болды

Шілде 21, 2025 - 11:08
Шілде 21, 2025 - 11:21
Иттердің шабуылынан зардап шеккен Максимнің отбасы баспаналы болды
Фото: интернеттен

Жамбыл ауылында (Қарасай ауданы, Жалпақсай ауылы) тұратын, үш иттің шабуылынан зардап шеккен Максим Головачевтің отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды uralskgorod парақшасы.

Бұл игі іс Қарасай ауданы мен Ұмтыл ауылдық округі әкімдіктерінің, еріктілердің және «Asar-Ume» қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асты.

Он жылдан астам уақыт бойы отбасы жалдамалы пәтерлерде тұрып келген. Қайғылы оқиғадан кейін оларға жергілікті және аудандық әкімдіктер, волонтерлер көмек көрсете бастады. Сол еріктілердің бірі «Asar-Ume» қорымен байланыс орнатып, отбасының жағдайын жеткізген. Іс қоғамда үлкен резонанс тудырғандықтан және отбасы қордың талаптарына сәйкес келгендіктен, оларға үй сатып алу туралы шешім қабылданған.

Жаңа, жайлы әрі барлық жағдайы жасалған үйдің аумағы 83 шаршы метрді құрайды және отбасы бұған дейін тұрып келген шағын үйге жақын маңда орналасқан.

Қор жетекшісі Асхат Нұрмашевтің айтуынша, үйлерді таңдағанда отбасының қалауы мен мүддесі ескеріледі. Максимнің анасы Екатерина Бурмистрова өзі тұрып үйренген жерден көшкісі келмегендіктен, дәл сол ауылдан үй сатып алынған.

Жаңа үйге қоныстану мерекесін Алмалыбақ және Жалпақсай ауылдарының тұрғындары, сондай-ақ Максим оқитын Алмалыбақ орта мектеп-гимназиясының ұжымы ұйымдастыруға атсалысты.

Олардың көпшілігі «Әділет қорғау» атты үкіметтік емес ұйымның мүшелері. Оқиға болған кезде отбасыға көмек көрсету мақсатында арнайы топ құрылып, қаражат жинау жұмыстары жүргізілген.

Айта кету керек, қордың көмегіне алғаш болып ерікті Айжан Хамарова жүгінген. Ол Максимнің ресми өкілі. Ал Максимнің өзі әлі ауруханада жатыр, бірақ дәрігерлердің айтуынша, ол жақын арада отбасына оралады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UralskGorod (@uralskgorod)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow