Қамшыбек Тәшиевтің ұлын полиция жауап алуға шақырды
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің ұлы Тай-Мурас Тәшиевтың полицияға жауап алуға шақырылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Sadaq.kz. 24.kg.-ға сілтеме жасап.
Алайда бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ. Ішкі істер министрлігі де аталған ақпаратты нақтылаған жоқ.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде тараған түрлі жарияланымдар мен ақпараттық ағын аясында Тай-Мурас Тәшиевтің есімі мүлік пен бизнеске қатысты дауларда аталған болатын. Алайда ол өзіне тағылған айыптарды көпшілік алдында жоққа шығарған.
Еске сала кетейік, 14 наурыз күні Тәшиевтің туған інісі, жергілікті парламент депутаты Шаирбек Тәшиевтің де тергеуге шақырылғаны хабарланған еді. Сол күні оның депутаттық мандатынан бас тартқаны белгілі болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0