Қан құсып, қызу көтеріледі: Ресейде белгісіз вирус тарап жатыр

Ресейде адамдардың қан құсып, қызудың көтерілетіне әкелетін вирус тарап жатыр.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, науқас алғашқы күндері өзін жеңіл жайсыз сезінеді. Бірнеше күннен кейін оның жағдайы нашарлап, төсек тартып жатып қалады. Дене қызуы 39 градусқа дейін жоғарылап, қатты жөтел пайда болады.
Науқастар бірнеше апта бойы қызуы көтеріліп, қатты жөтелмен қан құсады. Бірақ олардың COVID және тұмауға жасалған тесттері теріс нәтиже көрсеткен. Жұқтырғандардың бірі бірнеше күн ауырып, дәрі қабылдағаннан кейін де жөтелдің басылмағанын айтқан. Ал коронавирус пен ЖРВИ-ге тапсырған анализдері теріс нәтиже көрсеткен. Дәрігерлер әлі де науқастардың нақты қандай инфекция жұқтырғанын анықтай алмай жатыр, деп жазған SHOT Telegram арнасы.
Роспотребнадзордың мамандары белгісіз вирус жұқтырған науқастар туралы хабарламаларды бақылауға алды. Медицина ғылымдарының докторы Виктор Зуев "Аргументы и факты" басылымына берген сұхбатында белгісіз вирустың таралуына байланысты маска тағуға кеңес берді.
“Қазір айналаңызда әдеттегі қоздырғыш вирус тараған жағдайдағыдай сақтық шараларын ұстану керек. Яғни, қазіргі кезде белгісіз этиологиялы вирустық аурудың өршуі байқалып отыр. Біріншіден, міндетті түрде маска тағу керек. Тіпті бұл қазір сәнге айналып барады”, – дейді вирусолог.Сондай-ақ дәрігер қажет болмаса сыртқа шықпауға, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуға және барлық санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға кеңес берді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






