«Қаншама былықтың беті ашылып жатыр»: Шетелге сатылып кеткен Жәнібектің ісін алған заңгер мәлімдеме жасады

Шерзат ісінде жәбірленуші тараптың адвокаты болған заңгер Мейірман Шекеев туғанында сатылып кеткен Жәнібекке (Мұрат Савельев) қатысты істі қолға алған болатын. Заңгер құжаттармен танысу барысында қаншама былықтың беті ашылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz
«Жәнібек – Бельгияда асырап алынған қазақ баласы. Кейінірек анықталып жатқандай бала заңсыз сатылған сияқты. Құжаттармен танысу барысында қаншама былықтар ашылып жатыр. Жәнібектің алғаш рет келіп биологиялық анасын табуға қатысты сапары нәтижесіз болған.
Қазір іздеу жұмыстары жалғасуда, кейбір ДНҚ тестілеулері жасалғанымен нақты нәтижеге қол жеткізілмеген. Сонымен қатар, бұл жағдайға қатысты Қазақстанда қылмыстық іс ашылып, тергеу басталды», - деді ол өзінің Инстаграм парақшасында.
Оқырмандар заңгерге қолдау білдіріп жатыр.
«Осы балапанның анасы табылып кетсе екен»,
«Дұрыс болды, неге қазақтың баласы зар жылауы керек, арты ашылсын»,
«Мейірман бауырым, аман бол. Мейіріміңді шашып әділетсіздіктің түбіне жетіп Жәнібектің анасын тауып береді деп біз сенеміз.
Қазақ еліне келіп анасын іздеп жылап жүргеніне 1 жыл болды. Жәнібектің анасы табылсын. Сүйінші күндер болсын алдыда», «Бір шикілік бар-ау деп жүрегіміз ауырды», деп жазып жатыр олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






