Қарағанды облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды

Тамыз 11, 2025 - 14:35
Қарағанды облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды
фото: sputnik.kz

Қарағанды облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болып, тағы 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше қайғылы оқиға 11 тамызда сағат 00:05 шамасында "Астана – Қарағанды" тасжолында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша Ошағанды кенті маңында 30 жастағы Toyota Alphard жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. Автокөлік жол жиегіндегі сайға аударылып кеткен", - дейді полиция.

Апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы төртеуі, оның ішінде екі кәмелетке толмаған бала, медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow