Қарағандыда учаске пунктінен жалаңаш қыздың мәйіті мен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері табылды

30 қыркүйек күні кешкі уақытта Қарағандыдағы учаскелік полиция тірек пунктінен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері мен жалаңаш қыздың денесі табылды деген ақпарат тарады.
Жалаңаш қыздың денесі бір бөлмеде, ес-түссіз жатқан полиция қызметкері екінші бөлмеден табылған.
Қазіргі уақытта, полиция қызметкері жансақтау бөліміне жеткізілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, полиция қызметкері қандай да бір әсер ететін заттан есін жоғалған. Диагнозы – белгісіз затты мөлшерден тыс тұтыну.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, полицияның бір тірек пунктінен қыздың денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полицей медицина мекемесіне жеткізілді.
Мәселені жан-жақты тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тексеріс тағайындалды. Барлық іс-әрекеттер мұқият тергеліп, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады.
“Азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамын. Іс менің жеке бақылауымда”, – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов.
Сіздің реакцияңыз қандай?






