Қарағандыдағы дәмхана жарылысы: Ауруханадағы екі адам көз жұмды
25 қаңтар күні Ермеков көшесі бойындағы дәмханада орын алған төтенше жағдайдан кейін ауруханада жатқан екі науқас бүгін, 28 қаңтарда қайтыс болды, деп хабарлайды Sadaq.kz
Аймақтық ТЖД мәліметінше, оқиға салдарынан барлығы төрт адам зардап шеккен. Олардың екеуі алған ауыр жарақаттарынан бүгін көз жұмса, қалған екі адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алды. Дереккөздің хабарлауынша, зардап шеккендердің бірі әлі де стационарлық ем қабылдап жатса, екіншісі амбулаторлық ем алуға жіберілген.
Қайғылы жағдайға дәмхана ішіндегі 17 литрлік газ баллонының жарылуы себеп болған. Жарылыс салдарынан ғимараттың шатыры құлап, өрт шыққан болатын. Қазіргі уақытта құзырлы органдар техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеріп жатыр.
«2 науқас та ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді. Келген сәттен бастап оларға жансақтау бөлімінде тәжірибелі мамандардың қатысуымен барлық қажетті арнайы медициналық көмек көрсетілді. Қабылданған емдік шараларға қарамастан, науқастар қайтыс болды», – деп мәлімдеді өңірлік денсаулық сақтау басқармасы.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0