«Қарға көміліп қалған»: Ағадырда жоғалған зейнеткер көлік ішінен өлі табылды
Қарағанды облысында бес күннен бері із-түзсіз кеткен зейнеткер өлі табылды. Жоғалған малын іздеп шыққан 72 жастағы ауыл тұрғыны айдалада көлігінің ішінде жан тапсырыпты.
КТК арнасының мәліметінше Ағадыр кентінің тұрғыны жол талғамайтын көлігімен иен далаға мал іздеуге 18 желтоқсан күні кеткен. Бірақ жақындарынан бұл туралы хабарлама екі күнен кейін түсіпті. Іздестіруге екі дрон,спутник байланыс құралдары қолданылды.
Кеше күндізгі сағат 11 шамасында полиция қызметкерлері жоғалған зейнеткерге тиесілі көлікті тапты. Ол Ағадыр кентінен шамамен 35 шақырым қашықта, Ортау ауылы бағыты бойынша тау ортасындағы даладағы жолда тұрған.
"Автокөлік қарға көміліп қалған, салонын қарағанда жүргізуші орындығында ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0