Кәрім Мәсімовтің жағдайы нашар: ІІМ пікір білдірді

Маусым 18, 2025 - 17:12
Кәрім Мәсімовтің жағдайы нашар: ІІМ пікір білдірді
Фото: Екатерина Штукина/РИА Новости

Бүгін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәсімовке қатысты тараған ақпаратқа нүкте қойып, түсініктеме берді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Оның айтуынша, ҰҚК-ның экс-төрағасы медициналық тіркеуде тұрған жоқ.

– Оның өкілдері келтірген барлық дәлел тексеріліп жатыр. Бүгін ресми түрде мәлімдеймін: оның жағдайы қалыпты. Сот анықтаған түрмеде отыр, – деді ол мәжіліс кулуарында.

Ержан Сәденов Кәрім Мәсімовтің қандай камерада отырғанына тоқталмады. "Қаңтар оқиғасынан" кейін "мемлекетке опасыздық жасады", "билікті басып алуға оқталды" және "қызмет өкілетін асыра пайдаланды" деп қатаң айыпталған ол 2023 жылы 18 жылға сотталған болатын. Осыған дейін К.Мәсімовке қатысты өзге баптармен де сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны хабарланған-ды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow