«Қартайып кетіпті»: Иманғали Тасмағамбетовтің қазіргі келбеті талқыға түсті

Маусым 23, 2026 - 12:22
 0  18
«Қартайып кетіпті»: Иманғали Тасмағамбетовтің қазіргі келбеті талқыға түсті
Фото: әлеуметтік желі

Дәстүрлі күйші Әлия Қарамұхан Атырауға жасаған сапары барысында мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетовпен бірге түскен суретін жариялап, ерекше әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты ozgeris.info-ға сілтеп.

Өнер иесі бұл сапардың өзі үшін айрықша мәнге ие болғанын айтып, жазбасында Иманғали Тасмағамбетовке алғысын білдірді.

«Алғаш рет Хал-Жарық ағамен бірге сапарлас болудың өзі біз үшін үлкен мәртебе, зор абырой. Осындай үлкен жауапкершілігі мол істі сеніп тапсырған ағама алғысымыз шексіз. Сенімге селкеу түсірмей, лайық болуды нәсіп етсін», – деп жазды ол.

Сондай-ақ күйші Атырау сапарында Иманғали Тасмағамбетовтің алдында күй орындап, ақ батасын алғанын өміріндегі ұмытылмас сәттердің бірі ретінде бағалады.

«Иманғали ағамыздың алдында күй тарту бақыты бұйырып, көкеміздің ақ батасын алып, мәз-мейрам болып тұрған сәтте «Әр күніміз – тарих» деген осы екен-ау. Алла осындай бақытты, осындай сәттерді ұзақынан сүйіндіргей», – деді Әлия Қарамұхан.

Желі қолданушылары да жазба астында Иманғали Тасмағамбетовке қатысты жылы лебіздерін жаудырды. Пікір қалдырғандардың бірі: «Елге жасаған жақсылығыңыз алдыңыздан шықсын, аға» деп жазса, енді бірі: «Иманғали Нұрғалиұлы, аман-есен жүріңіз», «Мықты әкім, мықты күйші» деген тілектерін білдірген. Сонымен қатар, кейбір қолданушылар оның сыртқы келбетіне қатысты пікір қалдырған: «Қартайыпты ғой», «Ағамыздың түріне не болған», деді олар.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 1
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0