Қасым-Жомарт Тоқаев: «Илон Маск әлеуметтік жүйелердегі «шектен тыс жомарттықтың» зияны туралы ескертті»

Наурыз 12, 2026 - 15:39
chat_bubble  0 visibility  1
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Илон Маск әлеуметтік жүйелердегі «шектен тыс жомарттықтың» зияны туралы ескертті»
Aqorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін мәслихат депутаттарының қатысуымен өткен жиында еліміздегі әлеуметтік қолдау жүйесінің тиімділігі мен қоғамдағы масылдық мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Sadaq.kz Aqorda-ға сілтеме жасап.

Президент өз сөзінде Қазақстандағы әлеуметтік пакеттің ауқымы тіпті шетелдіктерді де таңғалдыратынын атап өтті. Атап айтқанда, биыл жәрдемақылар мен зейнетақы мөлшері 10%-ға артып, 660 мыңнан астам адамға 70 миллиард теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген. Алайда, бұл мемлекеттік көмектің кейде теріс түсінілетініне назар аударды.

«Өкінішке қарай, мемлекеттің мұндай қолдауын көпшілік тиісті деңгейде бағалай бермейді, оны солай болуға міндетті деп қабылдайды, аспаннан шұға жауғандай көреді. Халықаралық сарапшылар үкіметтерге қоғамда масылдық белең алып, азаматтардың жұмыс қабілетінің төмендеуі мүмкін екені туралы ескертуде», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы әлемдік деңгейдегі трендтерге тоқталып, миллиардер Илон Масктің де осыған ұқсас пікір білдіргенін мысалға келтірді:

«Айтпақшы, жақында әйгілі Илон Маск осы тақырыпта сөз сөйлеп, әлеуметтік жүйелердегі «шектен тыс жомарттықтың» зиянын жеткізді. Осы тектес болжамдар мен мәлімдемелерді жиі көреміз», — деп атап өтті Президент.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік көмекті заңсыз иемденетін «алаяқтарды» қатаң сынап, олардың әрекетін шын мұқтаж жандарды тонаумен теңеді. Президенттің тапсырмасы бойынша, алдағы уақытта әлеуметтік көмекті тиісті адресіне жеткізу және жүйенің тиімділігін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілмек.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0