Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды: Белсенді бейнежазба жариялады

Ақпан 10, 2026 - 21:10
Ақпан 10, 2026 - 21:13
 0  1
Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды: Белсенді бейнежазба жариялады
Фото: Азамат Сәрсенбиев

Маңғыстау облысында жабайы құстардың өлімі тіркелді. Ақтаулық белсенді Азамат Сәрсенбаев Сайын Шапағатов ауылынан 24 шақырым жердегі теңіз жағалауынан табылған аққулар мен үйректердің денесін көрсеткен бейнежазба жариялады. Бұл туралы Sadaq.kz Kazinform порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Белсендінің мәліметінше, құс өлекселері демалыс орны мен маңайдағы кәсіпорынның ағын сулары құйылатын тұста табылған. Жергілікті тұрғындар құстардың өлім-жітімін осы лас сумен байланыстырып, алаңдаушылық білдіруде.

«Бұл жерге жақын маңдағы демалыс базасы мен кәсіпорыннан су ағып келеді. Құстардың өліміне осы фактор әсер етуі мүмкін бе деген сұрақ туындайды», — деп жазды Азамат Сәрсенбаев өз парақшасында.

Оқиғаға байланысты облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары жедел түрде жергілікті жерге барып, тиісті сынамалар алды. Инспекция басшысы Ғаббас Досатовтың айтуынша, қазіргі таңда жағдайды «жаппай қырылу» деп атауға негіз жоқ. Мамандар құс өлекселерінен және судан сынама алған, ал зерттеу нәтижелері бір апта ішінде дайын болады.

Сонымен қатар, маман бұл жағдайдың табиғи себептерін де жоққа шығармайды. Қазіргі уақытта өңірде 20 мыңнан астам аққу бар екенін ескерсек, ауа райының суытуы мен миграция кезеңінде әлсіреген жекелеген құстардың өлімі қалыпты құбылыс ретінде бағалануда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0