Қайғылы жағдай: Қалааралық автобус жүргізушісі көлік тізгінінде қайтыс болды (ВИДЕО)

Желтоқсан 31, 2025 - 12:11
 0  4
Қайғылы жағдай: Қалааралық автобус жүргізушісі көлік тізгінінде қайтыс болды (ВИДЕО)
Фото: ғаламтордан

Өскемен – Новосибирск бағыты бойынша қатынайтын қалааралық автобустың жүргізушісі қызметтік міндетін атқару кезінде кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға көлік құралы қала ішіндегі Бажов көшесімен жүріп бара жатқан сәтте орын алған.

Жол үстіндегі төтенше жағдайға байланысты ведомствоның баспасөз қызметі ресми ақпарат берді.

Полиция өкілдері: «Автобус Бажов көшесімен келе жатқанда, 57 жастағы жүргізушінің денсаулығы кенеттен нашарлаған. Екінші жүргізуші жедел жәрдем бригадасын шақыртты. Өкінішке қарай, ер адам дәрігерлер жеткенше қайтыс болды», - деп хабарлады.

Жолаушылардың айтуынша, жүргізуші сапарға шығар алдында автовокзалда өзін жайсыз сезініп, бұған дейін жүрегіне ота жасалғанын айтып өткен. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0