Қайрат Боранбаев бұрынғы қызметіне қайта сайланды

Қыркүйек 22, 2026 - 15:17
chat_bubble  0 visibility  6
Қайрат Боранбаев бұрынғы қызметіне қайта сайланды
Фото: forbes.kz

"Қайрат" футбол клубы Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетіне қайта сайланды, деп жазады Sadaq.kz.

Конференция жұмысына өңірлік футбол федерацияларының делегаттары, ҚФФ мүшелері, ФИФА өкілдері Марко Ферри мен Йозеф Климент, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, сондай-ақ Ұлттық Олимпиада комитетінің бас директоры Нұрлан Нөгербек қатысты.

Жиынның күн тәртібінде ҚФФ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ҚФФ президентінің, Атқарушы комитеті мен Тексеру комиссиясының қызметі туралы есептері, федерацияның қаржылық есептілігі, 2027-2032 жылдарға арналған Даму стратегиясын бекіту, сондай-ақ ҚФФ Атқарушы комитетінің мүшелерін сайлау мәселелері қаралды.

ҚФФ президенті Марат Омаров қатысушыларға федерацияның биыл атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, қаржы саласы, инфрақұрылыммен қамту, клубтарды жекешелендіру, жас футболшыларды даярлау және халықаралық ынтымақтастық бағыттарындағы негізгі нәтижелерді баяндады.

Күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша шешімдер дауыс беру қорытындысы негізінде қабылданды.

Конференция барысында атқарушы комитет мүшелерінің төрт жыл өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты жаңа құрам сайланды.

Дауыс беру қорытындысымен ҚФФ Атқарушы комитетінің келесі төрт жылға мүшелері:

  1. Бегайым Сапарқызы Қырғызбаева;
  2. Гаджи Шапиевич Гаджиев;
  3. Әсет Арманұлы Ерғалиев;
  4. Қайрат Советайұлы Боранбаев;
  5. Қанат Бисембайұлы Шарлапаев;
  6. Михаил Нугзарович Ломтадзе;
  7. Қайрат Айтмолдаұлы Оразбеков;
  8. Тимур Русланұлы Турлов;
  9. Нұрсұлтан Амангелдіұлы Құрманов;
  10. Нуно Алешандре Парейра де Каштру.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0