Қайрат Нұртастың қызы Англияға көшіп кетті

Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында үлкен қызы Сезімді шетелге шығарып салған видеосын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, қызы Сезім Англиядағы жоғары оқу орнына түскен.
«Қызым Сезімді шығарып салып тұрмыз. Тұңғышым үлкен өмірге қадам басып, Англияға ұшайын деп жатыр. Қобалжып тұрмын. Тым кеш уақытқа қарамастан достары мен сыныптастары да шығарып салуға жиналды.
Бүгінде бойжетіп, өмірдегі үлкен әрі жауапты білім деген жолға аттанып, студент атанды. Жаратқан жол болсын», – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Сіздің реакцияңыз қандай?






