«Қайраттың соңғы ән кеші»: Гүлзира Айдарбекова ашуға мінді

Қараша 5, 2025 - 09:50
Қараша 5, 2025 - 10:07
«Қайраттың соңғы ән кеші»: Гүлзира Айдарбекова ашуға мінді
фото: әлеуметтік желіден

Қайрат Нұртастың анасы ұлының жақында өткен концертіне байланысты желіде таратқандарды орнына қойды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Көпшілік Алматыдағы Орталық стадионда өткен концертті "Қайраттың соңғы ән кеші" дегені Гүлзира Айдарбекованың шамына тиген.

"Мынау не деген сұмдық? "Соңғы концерті" дегені несі? Кішкене ұят болу керек қой. “Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле” деген. Ана жүрегімді тілгілей бергенде қарағайдай мүйіз шыға ма, осы хайп жасағыштарға, әлде халық алғыс айтып үстілеріне шапан жаба ма екен? Күніге сан түрлі өсек, не болды сонша шыдамның да шегі бар шығар. Біз де ет пен сүйектен жаратылған пендеміз, темір емес. Дұрыс дүние жазып, жақсы ойласа екен админдар. Бәріңізде ұл-қыз өсіріп, үміт күтіп отырған жоқсыздар ма? Мына админдар деген күннен-күнге хайп жасап, жазылушыларын көбейту үшін, өтірік өсек ойластыра беретін болды ғой. Соған сеніп қаншама адам ауыздарына келгенін жазады, одан қалса жалдамалы өз адамдары фейк аккаунтпен жүртты кері пікірге итермелеп отырады, өсекті өрбітіп. Неше түрлі заң шығып жатыр, неге мұндай алаяқтарға заң жоқ? Өсектен басқа шаруа жоқ па, не болып барамыз?", -деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow