Қазақ киносына үлес қосқан танымал қырғыз кинооператоры өмірден өтті
Қырғызстанның белгілі кинооператоры, «Қырғызфильм» киностудиясының бұрынғы бас директоры Сапар Койчуманов қайтыс болды. Қаралы хабарды әлеуметтік желіде киносыншы Гүлбара Толомушова жеткізді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«Терең қайғымен бүгін, 2026 жылғы 30 маусымда атақты қырғыз кинооператоры Сапар Койчумановтың өмірден озғанын хабарлаймыз. Қырғызстанның кино қауымдастығы мен Қазақстан Киноакадемиясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – деп жазды ол Facebook парақшасында.
Бұған дейін Койчумановтың отбасы қымбат операция жасау үшін қаражат жинаған болатын. Ол 2014 жылы ауыр инфаркт алып, клиникалық өлім жағдайын бастан кешірген. Кейінгі жылдары денсаулығы күрт нашарлап, дәрігерлер одан ауыр жүрек жеткіліксіздігін анықтаған.
Мамандардың қорытындысына сәйкес, оған жүректің екі қақпағына күрделі операция – үшжармалы қақпақшаға TriClip және митралды қақпақшаға MitraClip әдістерімен ота жасау қажет болған.
Сапар Койчуманов Мәскеудегі Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының (ВГИК) операторлық факультетін тәмамдаған. Ол кино саласында 40 жылдан астам еңбек етіп, оператор-қоюшы ретінде 30-дан астам фильм мен телехикаяның түсіріліміне қатысқан.
Оның шығармашылық жолындағы танымал туындылар қатарында «Отырардың күйреуі», «Боранды бекет», «Ләйләнің дұғасы», «Жұмақ құстары», сондай-ақ «Алтын тақ», «Көшбасшы жолы. Отты өзен. Темір тау» секілді тарихи жобалар бар.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0