Қазақ тілін меңгеруге арналған тегін ЖИ-платформа қолжетімді болды

Маусым 11, 2025 - 02:09
Қазақ тілін меңгеруге арналған тегін ЖИ-платформа қолжетімді болды
Фото: Pixabay.com

Енді Janymda қосымшасы арқылы жасанды интеллект көмегімен қазақ тілін тегін үйренуге болады, деп хабарлайды sadaq.kz.

Қазақ тілін үйрену енді жеңіл әрі қызықты болмақ — тек смартфон мен Janymda қосымшасы жеткілікті. Жаңа ЖИ құралы арқылы сөйлеу тілін меңгеруге, мәтін аударуға және ойын форматында оқу процесін тиімді етуге болады.

Қосымшада “AI-репетитор” — «Қазақша қасыңда» бөлімін таңдау арқылы жаттығуларға қатысуға болады:
 • Сөйлем құрау,
 • Сөз ойыны,
 • Қате табу,
 • Әңгіме жалғастыру,
 • Бос орынды толтыру,
 • Мәтінге сұрақтар қою.

Жаттығулар интерактивті түрде өтеді, ересектерге де, балаларға да ыңғайлы. Қызмет — тегін.

Алдағы уақытта Janymda қосымшасының мүмкіндіктері кеңейе түседі: жаңа тілдер, қосымша оқыту құралдары — аудио және визуалды материалдар пайда болады, бұл оқу үдерісін одан әрі қызықты етеді. Сонымен қатар, жақын арада қолданушыларға оқуда және оператор қызметтерімен өзара әрекеттесуде көмектесетін толыққанды AI-ассистент қосылады.

AI-репетитор қазақстандық KazLLM тілдік моделіне негізделген және танымал чат-боттар тәрізді жұмыс істейді — оқыту мәтіндік хат алмасу форматында өтеді. Алғашқы тестілеуге Janymda қосымшасының шамамен 5 миллион қолданушысы қатысып, оң пікір білдірген. Бұл — заманауи технологияның кез келген жастағы адамдар үшін білім алуға жол ашатынын көрсететін мысал.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow