Қазақ жастары жаппай Ехова сектасына кіріп жатыр (ВИДЕО)

Астанада “Ехова куәгерлерінің” ғимаратынан шығып жатқан адамдардың көпшілігі — қазақтар. Куәгердің айтуынша, 10 минут ішінде ғимараттан шыққан адамдардың шамамен 70-80 пайызы қазақ тілді, арасында мектеп оқушылары да бар, деп хабарлайды sadaq.kz.
Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Бірі — мұны жастардың діни сауатсыздығынан көреді, екіншілері — заңмен тыйым салу қажет деп есептейді.
Кей пікір иелері:
“Шындық, үкімет заң қабылдауы керек”;
“КНБ қайда қарап отыр?”;
“Ақыл-есі дұрыс адам ‘Иеговаларға’ кірмейді”.
Дінтанушылар мен сарапшылар қазақстандықтарды сақ болуға шақырып, күмәнді діни ұйымдарға балалар мен жасөспірімдердің баруына жол бермеуді ескертеді.
Еске сала кетейік, Қазақстанда “Ехова куәгерлері” ресми тіркелген діни ұйымдардың қатарында болғанымен, олардың қызметі мен ықпалы қоғамда жиі дау туғызады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






