Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті: Дияр Аманәлі – әлем чемпионы

Шілде 29, 2026 - 00:17
chat_bubble  0 visibility  7
Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті: Дияр Аманәлі – әлем чемпионы
Фото: дереккөз

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Дияр Аманәлі 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әзірбайжанның астанасы – Бакуде өтіп жатқан әлемдік додада 55 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз финалға дейін төрт қарсыласын жеңді.

Атап айтқанда, Дияр алғашқы кездесуінде грекиялық балуан Николаос Зинисистен 8:0 есебімен басым түсіп, белдесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Одан кейін Ресей өкілі Эдем Пайзиевті 3:1 есебімен жеңді. Ширек финалда грузиялық Гиорги Кеделидзеден 2:1 есебімен басым түссе, ал жартылай финалда болгариялық Данимир Йордановты 8:1 есебімен ұтып, алтын жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.

Финалда кезеңде Дияр Аманәлі Венгрия өкілі Кеве Ковачпен кездесті. Белдесудегі алғашқы ұпайды сәтті шабуыл жасаған отандасымыз иеленді. Қарсыласы екінші кезеңде есепті теңестіргенімен, кездесу 1:1 нәтижесімен аяқталды. UWW ережесіне сәйкес, белдесудегі алғашқы ұпай өлшемі бойынша жеңіс қазақстандық балуанға берілді.

Осылайша, Дияр Аманәлі Бакуде Қазақстанның көк туын биікке көтеріп, 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында Әлем чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0