Қазақстанда Telegram істен шықты: министрлік мәлімдеме жасады

Тамыз 13, 2026 - 14:47
app_badging Тамыз 13, 2026 - 14:48
chat_bubble  0 visibility  4
Қазақстанда Telegram істен шықты: министрлік мәлімдеме жасады
Фото: Getty Images

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ел бойынша істемей қалған Telegram мессенджеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бүгін Қазақстанның кей өңірінде тұрғындар Telegram мессенджерінің жұмысында ақау байқалғанын айтып, шағымданғанын жазған болатынбыз.

Telegram-ның істемей тұрғанына тұрғындар шамамен сағат 11:25-тен бастап шағымдана бастады. Жағдай әлі өзгерген жоқ. KAZ.NUR.KZ тілшісі Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сауал жолдады. 

"Қазіргі уақытта Telegram мессенджерінің қолжетімсіздігіне байланысты пайдаланушылардан жекелеген өтініштер түсіп жатыр. Техникалық мамандар жағдайды анықтап жатыр", - деп жауап берді баспасөз қызметі өкілі. 

Бұған дейін "Қазақтелеком" баспасөз қызметі де Telegram мессенджеріндегі жағдайға қатысты пікір білдірген болатын. "Мониторинг деректері бойынша, сондай-ақ Франкфурт пен Мәскеудегі негізгі халықаралық пиринг нүктелерінде Telegram бағытындағы трафиктің шұғыл төмендеуі байқалды.

"Қазақтелеком" АҚ жауапкершілік аймағында апаттар, техникалық ақаулар немесе инфрақұрылым жұмысының ішкі бұзылулары тіркелген жоқ. Оператор желісі штаттық режимде жұмыс істеп тұр", — деп сендірді баспасөз қызметіндегілер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0