Қазақстандықтардың несиесі енді кешірілмейді
"Бұл моральдық тәуекел тудырады. Адамдар әр 5–6 жыл сайын амнистия болады деп күтеді. Яғни, несие бәрібір кешіріледі деген сеніммен олар төлем жасауды қояды", - деді агенттік басшысы.
Әбілқасымова несие амнистиясы мемлекеттік бюджетке өте үлкен салмақ түсіретінін, сондықтан қазіргі экономикалық жағдайда мұндай шара қолдау таппағанын айтты.
"Бұл бюджетке үлкен жүктеме. Сондықтан әзірге Үкімет бұл бастаманы қолдап отырған жоқ. Сол себепті біз баламалы тетік ұсындық", - деді ол.
Бұған дейін Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енетінін, толық салықтық амнистия болмайтынын айтқан болатын.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ипотекалық және тұтынушылық несие бойынша мөлшерлеме өзгеретіні хабарланды. Қазақстандықтарға бірінші несиесі мақұлданбайынша келесісін беруге тыйым салынатыны айтылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?