«Қазақстаннан жер сатып алыңдар»: қытайлық азаматтың үндеуі елді шошытты (ВИДЕО)

Наурыз 4, 2025 - 16:25
Наурыз 4, 2025 - 16:30
«Қазақстаннан жер сатып алыңдар»: қытайлық азаматтың үндеуі елді шошытты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде белгісіз қытайлық азаматтың отандастарына елімізден жер сатып алуға арнап жазған видео-үндеуі елдің ашуына тиді, деп жазады Sadаq.kz. Ол видеода Қазақстанға келіп жер сатып алып жатқан қытайлықтардың көбейіп келе жатқанын айтқан.

«Себебі, шет елден жер алсаңдар, ол сендерге мәңгілікке беріледі. Ол жер мәңгі сенікі болып қалады. Сосын Қазақстанның дамуымен бірге бұл жерлердің құны да арта бермек. Барша кәсіпкер қожайындарды кеңес алуға шақырамын», - дейді ол видеода. 

Танымал журналист, продюсер Ертай Нүсіпжанов бұл бірінші жағдай емес деп дабыл қақты.

«Жерімізді сыртымыздан саудалап жүрген бұл бірінші қытай емес. Олардың жер сатуды осылай сенімді жарнамалауы да тектен тек емес деп ойлаймын. Қазақ жері тістегеннің тұмсығында, ұстағанның уысында кете беретін болса, кім болғанымыз? Біз ұрпағымыздың келешегі, ел болашағы үшін қатты алаңдаймыз.

Мемлекет қауіпсіздігін өз жауапкершілігіне алған тиісті органдардың осы істі мұқият тексеруін, қадағалауын сұраймыз. Халықтың көңілін алаңдатқан мәселенің тағы қайталануына жол берілмеуін, әрі елімізге баса көктеп кіріп, жерді саудалаған қытайлықтардың елден қуылуын талап етеміз», - деп жазды ол парақшасында.

Видеоның астына жазылған комменттер де Нүсіпжановты қолдаған.

«Біздің жерде қандай әкелерінің құны бар екен», «Жер сатылмасын», «Мұндай видеоны әлеуметтік желіге жүктеген қытайлыққа шара қолдану керек. Үкімет не қарап отыр?», «Бұлай еркінсіп жерді саудалап жүрсе, білмеймін не боламыз? Мұндайлар елден қуылуы керек», деп жазып жатыр халық.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ертай Нүсіпжанов (@yertayn)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow