Еліміздегі мешіттерге Алаш арыстарының есімі беріледі
Қазақстанның мешіттеріне Алаш қайраткерлерінің, ахун-ишандардың есімі беріледі. Шара ҚМДБ -ның құрылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылға арналған бағдарлық баяндамасында айтты, деп хабарлайды Muftyat.kz.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай айтулы мерейтойдың мәнін арттыру мақсатында қазақ даласынан шыққан әулие, ғұлама, батыр, алаш қайраткерлері мен ахун-ишандардың есімін мешіттерге береміз, – деді ҚМДБ төрағасы.
Қазақстанда жалпы үш мыңға жуық мешіт бар. Оның 2/3 оңтүстікте орналасқан. Мешіт саны ең көп облыс Түркістан, ең азы Қостанай облысында. М Астана қаласында 13 ақ мешіт болғанымен сыйымдылығы жоғары. Еліміздегі ең ірі бірқатар мешіт осында орналасқан.
Қазақстандағы ең ірі 5 мешіттің үшеуі Астана қаласында. Бұлар:
- Астанадағы Бас мешіт - 30 000 (235 000 жалпы)
- Шымкенттегі Сейітжан қари мешіті (12 000)
- Астанадағы Әзірет Сұлтан мешіті - 10 000
- Алматы орталық мешіті - 7 000
- Астанадағы Әл Фараби мешіті - 5 000 (Астана).
Сіздің реакцияңыз қандай?