Кенесары ханның өлімі үшін қазақтардан кешірім сұраған қырғыз әншісі қамауға алынды

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікті ұсталғанын хабарлады. Жергілікті БАҚ мәліметінше, әңгіме әнші Қайрат Примбердиев турасында болып отыр, — деп хабарлайды sadaq.kz.
«Нәсілдік, этникалық, ұлттық және діни араздықты қоздыру» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында 1985 жылы туған Қырғызстан азаматы анықталған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, күдікті YouTube-арналарының бірінде ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған мәлімдемелер жасаған.
Әншіге қатысты елден кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
«Қазір қажет тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. МҰҚК Қырғызстан заңнамасына сәйкес нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни немесе өңірлік араздықты қоздыру әрекеттері үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді», — деді ведомство өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін қырғызстандық әнші Қайрат Примбердиев Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұрап, бұл мәлімдеме әлеуметтік желілерде қызу пікірталас туғызған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






