«Халыққа көмектескенін неге көрсетпейсіздер?»: Депутаттар той жасап сынға қалған әріптесіне араша түсті
Бұл не деген ақымақтық?
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев экс-мәжілісмен Мақсат Раманқұловтың мерейтойынан түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Мәжіліс алаңында журналистер Азат Перуашевтан бұрынғы депутаттың 50 жылдығын тойлағанына қатысты не ойлайтынын сұрады, деп жазады Stan.kz.
«Сұрақты өзіне қойыңыздар. Өйткені ол туған күніне біздің әріптестерімізді шақырды. Туған күнге барғанда, онда не дайындалып жатқанын, қандай тамақ болатынын қайдан білесің?! Екіншіден, Мақсат Раманқұлов – табысты кәсіпкер. Ол 20-дан астам түрлі нысан, соның ішінде тұрғын үй салған», – деді депутат.
Мәжілісменнің айтуынша, Мақсат Раманқұловтың су тасқыны кезінде қазақстандықтарға көмектескенін айта өту керек.
«Тыңдаңыздар, бұл қызық нәрсе. Біз оның көмек жинап, Петропавлға жеңіл көліктер мен жүк көліктерін жібергені туралы видео жарияладық. Мұны неге ешкім көрсетпейді? Барлығы оның туған күнін қалай атап өткенін талқылап жатыр. Оның қалай көмектескенін көрсетіңіз, ол су тасқынынан зардап шеккендерге жүк көлігімен көмек жіберді. Енді одан артық не істей алады? Бұл не деген ақымақтық?», – деді Перуашев.
Сіздің реакцияңыз қандай?