Хромтауда полицей қызметтік қарумен оқ атып, бір адам жараланды
Ақтөбе облысы Хромтау қаласында аға лейтенант шеніндегі полиция қызметкері кісі өлтірмек болды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
28 наурыз күні шамамен сағат 23:10 шамасында полиция қызметкері жанжал кезінде ер адамға оқ атқан. Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға Республика көшесі, 155 мекенжайында, A-FRAME глэмпингі аумағында болған. Полиция учаскелік инспекторының көмекшісі қызметтік қарудан төрт оқ атқан деген болжам бар. Оқ ер адамның кеудесіне және іш бөліктеріне тиген.
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Аталған дерек бойынша Ақтөбе облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші медициналық мекемеге жатқызылды, жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар облыстық полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін ескертеді», – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқ тиген 36 жастағы ер адамның жағдайы тұрақты, ауыр. Ол Хромтау аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0