Қыдырәлі Болмановтың белгісіз арумен сүйісіп тұрған видеосы тарады: әнші түсініктеме берді (ВИДЕО)

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті

Қараша 7, 2025 - 11:15
Қараша 7, 2025 - 13:16
Қыдырәлі Болмановтың белгісіз арумен сүйісіп тұрған видеосы тарады: әнші түсініктеме берді (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Танымал әнші Қыдырәлі Болмановтың әлеуметтік желіде белгісіз арумен сүйісіп тұрған видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің өзі бұл видео жасанды интеллект арқылы дайындалғанын, өзінің мұндай ерсі әрекетке еш қатысы жоқ екенін айтып ақталды.

«Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі! Тағы не жасайды екен мына «белгісіздер»… Асыл әжем мынаны көрсе, ойланбастан ақ таяғын алып, «әй, Қарақатың қайда», деп мені тұра қуушы ма еді? Бұл шығарманың «жасанды интеллект», мына видеоның өтірік екенін ол кісіге еш түсіндіре алмас едім…

Сол сияқты, айналайын апа-әжелерім, мынау не масқара деп қалмаңыздар. Бұл мен емеспін! Құдай сақтасын! Жасымыз мыңға келгенде өте ыңғайсыздау екен. Әсіресе, Алла бере салғандарым көріп қойса. Үлкендері түсінер, осы заманның балалары. Ал кішкентайларыма ше?

Қорқыныштысы, жасанды интеллект барған сайын дами бермек. Мына видеода мен емес екенім көрініп тұр. Құдайға шүкір!» – деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Ол сөзін жалғай отырып, уақыт өте келе айнытпай жасайтын кез болғанда жағдай қиын болуы мүмкін екенін, бұл әзірге тек бастамасы ғана болуы мүмкін екенін тілге тиек етті.

«Инстаграм пайда болғалы парақшасына «оқырман» жинап, қаралымын көбейту үшін, ештеңеден тайынбайтын тобыр көбейіп, әркімге жала жауып, өздеріне бәле тілеп, өз қазағын өзі жұлып жеп, қараптан-қарап қаралап, күйе жағып жүретін, ар-намыстан жұрдай, Алладан қорықпайтын, жала-жапқыш, пікір айтқыш, мін таққыш, барар жері белгісіз.

Бір көш келе жатыр-ау, көсемі көп,
Тұлпары жоқ, бұл көштің есегі көп.
Қанағатсыз-тойымсыз пәс пенделер,
Алары көп қайтейін, есебі жоқ.

Бір көш кетіп барады, батыры көп,
Балтасы бар қолында, ақылы жоқ.
Қайда кетіп барады-ау, қайран заман.
Мадақ айтқан қасында ақыны көп.

Бір көш келе жатыр-ау, түйесі көп,
Белгісіз мына көштің иесі жоқ.
Бір сөз кетіп барады желмен ұшып,
Киесі жоқ тыңдайтын жүйесі жоқ…» – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow