«Қиын екен»: Дженнифер Лопес қазақ қызының есімін қайталай алмады

Ақпан 22, 2025 - 11:51
Ақпан 22, 2025 - 11:54
«Қиын екен»: Дженнифер Лопес қазақ қызының есімін қайталай алмады

Желіде Абу-Дабидегі Джениффер Лопестің концерті кезіндегі оқиғаның видеосы пайда болды. Онда сахнаға жақындап келген қыз атақты әншімен сөйлесіп, өзінің Қазақстаннан екенін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Бинура есімді қазақ қызы болып шықты және оның видеосы әлеуметтік желіде лезде тарады.

Концерт барысында Лопес залдағы көрермендердің бірін сөзге тарту туралы шешім қабылдайды, осы кезде сұлу қыз оған жетіп барады. Әнші одан: "Сен қайдан боласың?" деп сұрайды.

"Мен Қазақстаннан боламын", – деп жауап берді Бинура.

Осыдан кейін Джей Ло микрофонды қолына алып, шаттана: "Ол Қазақстаннан екен", - дейді баршаға қарап. Содан соң сөзін ары қарай жалғастырады: "Ал есіміңіз кім болады?".

- Бинура!

Бірақ, Лопес бұл есімді қайта-қайта қайталап, оны айтуда қиындыққа тап болады, бірақ ол ақырында оны атайды.

"Қазақстаннан, қош келдіңіз. Мен тырысып көрдім, тоқтамадым, өте қиын екен. Бинура! Мен сені жақсы көремін!", деп сахнадан айқайлаған Лопес көрермендердің зор қошеметіне бөленеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow