Қырғызстан Президенті қар кешіп мектепке барған оқушыға өз телефонын сыйлады (ВИДЕО)
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 17 желтоқсанда Ош облысы, Қара-Құлжа ауданы, Қоо-Чаты ауылындағы «Айдын-Кол» бастауыш мектебінің 4 сынып оқушысы Нұрзаман Алмазбековті қабылдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде оқушының қар омбылап оқуға бара жатқан сәті түсірілген видео тараған еді. Онда 4 сынып оқушысы қар қалың болса да (шамамен 1 метрге жуық), қиналып жүрсе де, мектепке қарай табандылықпен бара жатады. Президент Садыр Жапаров бұл видеоны көріп, баланың қиын жағдайда да оқуға ұмтылғанын жоғары бағалады.
Ол Нұрзаманды президенттің жаңа жылдық мерекелік шыршасына шақырып, бүгін оған жеке өзі сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар президент оқушыға өзінің ұялы телефонын берді.
Қырғызстан Президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орунбеков бұл жағдайға қатысты мемлекет басшысының пікірін жеткізді.
«Садыр Нұрғожоұлы бұл видеоны өзі көріп, күрделі жағдайға қарамастан білім алуға деген ниетін көрсеткен баланың қадамына өте риза болды. Президентіміз мұндай табанды әрі талантты балалар ерекше қолдауға лайық екенін атап өтіп, оны президенттік жаңа жылдық шыршаға шақыруды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының атынан білімге ұмтылған оқушыға арналған сыйлық дайындалып жатыр», деді Дайырбек Орунбеков.
Мемлекет басшысы бұл баланың өзіне балалық шағын еске салғанын айтты: ол да бала кезінде алыстағы Кен-Суу ауылында қарды кешіп, мектепке барған екен.
Кездесу соңында президент Садыр Жапаров Нұрзаманға үлкен табыс тіледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0