«Қырық күн құлағалы құлагерім…»: Асанәлі Әшімовтің жары әсерлі жазба жариялады

Ақпан 3, 2026 - 09:14
Ақпан 3, 2026 - 09:20
 0  151
«Қырық күн құлағалы құлагерім…»: Асанәлі Әшімовтің жары әсерлі жазба жариялады
Фото: Sadaq коллажы/Zhenis Iskabay

Қазақстанның Халық әртісі, қазақ кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова марқұм жолдасына арнап әлеуметтік желіде сағынышқа толы жазба қалдырды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Жары қырық күн, қырық түн өтсе де жанына түскен қайғының жазылмайтынын айтып, жарының пейіштің төрінде болуын тіледі. 
 
«Жан бөлек. Жан бөлек!!!

Аскенсіз өткен қырық күн, қырық түн.
Алладан сұрарым – пейіштің төрінен орын бер, жатқан жерін нұрлы ете гөр.
Қаратқан келбетіне әз ғаламды,
Батырым айбалталы бөзге оранды.
Қырық күн құлағалы құлагерім,
Уақыт, емші екенсің, жаз, жарамды.
Қайтейін хәл-күйімді серпілмеген,
Көзіме жас келеді мөлтілдеген.
Жаныма түскен қайғы жазылмастай,
Алысқан адамдаймын дертімменен»,– деп жазды Бағдат Әшімова. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 1
Жарайсың Жарайсың 0