Қытайда салынып жатқан көпір қирап, 7 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Тамыз 23, 2025 - 19:02
Қытайда салынып жатқан көпір қирап, 7 адам қаза тапты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қытайда Хуанхэ өзенінің үстінен салынған теміржол көпірінің құрылысында ірі апат болды: конструкцияның тросы үзіліп, соның салдарынан жеті адам қаза тапты, тағы тоғыз адам із-түзсіз жоғалып кеттіғ деп жазады  Chinadaily.

Басылым дерегінше, оқиға кезінде нысанда 15 құрылысшы және бір менеджер болған. Құтқарушылар адамдарды іздеуді жалғастыруда, олардың бір бөлігі өзенге құлап кетуі мүмкін.

ҚХР Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнына арнайы топ жіберіп, операцияларды үйлестіруді қолға алды және апат себептерін жақын арада тергеу басталатынын мәлімдеді.

Көпір Цинхай провинциясындағы Цзяньчжа мен Хуалун уездерінің шекарасында орналасқан. Бұл – елдегі болат фермалардан жасалған алғашқы теміржол көпірі, ол Хуанхэ өзенін кесіп өтуі тиіс. Көпір мұнараларын қосу тамыз айына жоспарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow