Қызылорда әкімдігі ұшақта адам өмірін құтқарған студенттің оқуын төлеп бермек

Қаңтар 17, 2025 - 11:44
Қызылорда әкімдігі ұшақта адам өмірін құтқарған студенттің оқуын төлеп бермек

Қызылорда әкімдігі ұшақта жолаушыны құтқарып қалған студентті марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Облыс әкімі болашақ дәрігер Дінмұхаммед Бектұрғанның ата-анасын жеке қабылдап, "Алғыс хат" табыстап, зор ризашылығын білдірді.

Тағы оқыңыз: Ұшақта адамды өлімнен арашалап қалған студент марапатталды

“Нұрболат және Ғалия Нұрсейітова баласына жақсы тәрбие беріп, ұлының медициналық университетте ақылы түрде білім алуына еңбек етіп жүрген жандар. Қазіргі таңда Дінмұхаммед 7-курс студенті. Ол тағы 3 жыл резидентура оқуға ниетті”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалғаны үшін Дінмұхаммедтің оқу ақысын Қызылорда әкімдігі төлеп бермек.

Еске салсақ, бұған дейін астаналық студент ұшақта адам өмірін құтқарып қалғаны айтылды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow