Ұшақта адамды өлімнен арашалап қалған студент марапатталды
Астана медицина университетінің студенті Дінмұхаммед Бектұрғанға шұғыл медициналық көмек көрсеткені және жолаушылар ұшағының бортында адам өмірін сақтап қалғаны үшін Денсаулық сақтау министрінің атынан Құрмет грамотасы табыс етілді, деп хабарлайды Аikyn.kz.
«Ұшақ бортында, жолаушылардың бірі шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болған қиын жағдайда Дінмұхаммед абдырап қалмады. Оның жылдам және сауатты іс-қимылының арқасында адам өмірін сақтап қалды. Бұл іс-қимыл оның жеке мінезінің ғана емес, сонымен бірге оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар дәрігер мамандығының маңызды құндылықтарын: мейірімділікке, жауапкершілікке тәрбиелейтін ұстаздарының да қажырлы еңбегінің нәтижесі болып табылады», – деп атап өтті
Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желілердегі жазбасында. Ведомство басшысы Дінмұхаммедтің тәлімгерлеріне болашақ дәрігерлерді даярлауға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, медицина университетінің студентіне үлкен кәсіби биіктерге жетуді тіледі.
Әуе кемесі экипажының ақпараты бойынша, Қызылорда-Астана рейсі қонғанға дейін 55 минут бұрын жолаушы жүрек тұсының қатты ауырсынуын сезінген.
Бортта дәрігердің болуы туралы сұрауға жауап ретінде Астана медицина университетінің жетінші курс студенті Бектұрған Дінмұхаммед жауап берді. Ол қан қысымын өлшеп, содан кейін есінен танып қалған жолаушыға реанимациялық іс-қимылдарды бастап, аман алып қалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?