«Көлігіне жарылғыш қойған»: Мәскеуде тағы бір генералды өлтіріп кетті

Желтоқсан 22, 2025 - 15:35
 0  1
«Көлігіне жарылғыш қойған»: Мәскеуде тағы бір генералды өлтіріп кетті

Мәскеудегі бір үйдің ауласында көлік жарылды. Көліктің ішінде болған Ресей Қарулы Күштерінің Бас штабының басшысы қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жергілікті БАҚ мәліметіне қарағанда, жарылыс 22 желтоқсан күні таңертең Ясенев көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, Kia Sorento көлігін жүргізуші мінген соң, бірнеше метр жүріп барып жарылған. Жарылыстан кем дегенде жеті көлік шынысы сынып, зақымданған.

Ресейдің Тергеу комитеті әскери қызметкердің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу нұсқасы бойынша, жарылған көліктің астына орнатылған жарылғыш құрылғы қашықтан іске қосылған.

«Алған жарақаттарынан Ресей Қарулы Күштерінің Бас штабының шұғыл даярлық басқармасының басшысы, генерал-лейтенант Фанил Сарваров қаза тапты», — деп хабарлады тергеу комитеті.

Тергеушілер Сарваровтың өлімі жайлы істің мән-жайын анықтап жатыр. Қылмысты Украинаның арнайы қызметкерлері ұйымдастыруы мүмкін деген болжам бар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0