«Қоңырау шалып мазаламаңдар!»: Мақпал Жүнісова ашуға булықты
Өнер иесінің сөзінше, соңғы уақытта Астанадан оған профилактикалық тексеруден өту қажеттігі жөнінде бірнеше рет хабарласқан. Ал соңғы жолданған ескертуде тексеруге келмеген жағдайда Совмин емханасындағы тіркеуден шығарылатыны көрсетілген.
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Совмин емханасындағы тіркеуден шығару туралы ескертуге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Өнер иесінің сөзінше, соңғы уақытта Астанадан оған профилактикалық тексеруден өту қажеттігі жөнінде бірнеше рет хабарласқан. Ал соңғы жолданған ескертуде тексеруге келмеген жағдайда Совмин емханасындағы тіркеуден шығарылатыны көрсетілген.
Мақпал Жүнісова денсаулығын тұрақты түрде басқа медициналық орталықтарда тексертіп жүретінін айтты. Сондай-ақ бұған дейін Корея мен Түркиядағы клиникаларға да барып, медициналық тексеруден өткенін жеткізді.
«Егер менің орным біреуге керек болса, шығара беріңіздер. Қайта-қайта мазалап, қоңырау шалмаңыздар», — деді әнші.
Әнші Совмин емханасы арқылы тегін ем қабылдап, санаторийге баруға мүмкіндігі болғанымен, мұндай жеңілдіктерді пайдаланбағанын да атап өтті.